СҰРАҚТАРЫҢЫЗ БАР МА? Осында басыңыз

Туадан біткен ұршық шығу

Біздің тәжірибеде туадан ұршық шығу мүгедегін нәрестенің екі айлық жасынан бастап кей кезде 7-8 жастағы балаларды да операция жасамай емдеуге болады. Осылай опеация жасамай емдеуге ең қолайлы жас бір жастан үш жарым жасқа дейінгі уақыт жатады. Нәтижесі төмендегі рентген суреттен көріңіздер.
Туадан ұршық шығу ауруы, әуелі мүше мүгедектігінің ішіндегі ең жиі кезігетіні болып табылады.
Туадан ұршық шығу ақауы неғұрлым ерте анықталса, солғұрлым жақсы болады. Нәрестеден анасы мына белгілерді байқаса сол сәтінде маман дәргерлерге барып қаралуы шарт. Төменгі әйгіленімдер ұршық буынының дисплазиясы кезінде ең жиі кездесетіні:

1. Аяғын талтайтқанда, толық талтаймайды.
2. Ұршық буынының орнынан тайюы немесе оның сыртылдау әйгіленімі дейді (Марк- Ортолан әйгіленімі).
3. Шап аймағындағы қатпарлардың симметриялы болмауы және қосымша қатпарлар пайда болуы.
4. Аяқтарының бір-бірінен қысқа болады.
5. Аяқ ұштарының сыртқа қарай айналуы.

Осы белгілерді анықтай салысымен маман адамдарға апарып көрсету керек. Толық анықтау үшін рентгенодиагностика жасалу керек. Рентген суретте ұршық басының сүйектенуі қалыс болып, кейде сыртқа қарай орналасыды, буын шұңқырының үстіңгі қырының жайдақталуы және т.б. белгілері болады.
Егер, 1,5 жасқа дейін операциясыз емдесе 95% дейін жақсы нәтиже береді, ал 4 жасқа дейн анықталса 80% жақсы нәтижемен операциясыз емдеуге болады.
Операция жасалса, 50-60% ға әрең жетеді. Неғұрлым операция жасамай, солғұрлым ерте емдеу, баланы дәл сау қалпына келтірудің ең жақсы жолы болып есептеледі.

logomini.png
Балалардағы тірек-қимыл аппаратының деформациясының барлық түрлерін диагностикалау және хирургиялық емес жолдармен емдеу.
Бізбен байланысыңыз

Алматы қаласы
Набережная көшесі 23
(Жандосова көшесінің қиылысы)

+7(705)333-63-36
+7(777)218-08-80
+7(702)000-05-71
bur_1956@mail.ru
nur_bur2008@mail.ru
Біздің мекен жайымыз
© 2012- 2019 ortoped-bur.kz | Все права защищены.